lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌱«Қайырымдылық жәрменкесі»

 

«Қоғамға қызмет» жобасы аясында Зияткерлік мектебімізде «Қайырымдылық жәрменкесі» өтті.

Аталмыш шараға тек шаңырақ бірлестіктері ғана емес, әдістемелік пән бірлестіктері де белсене атсалысты.

Әрбір зияткер өз қолымен жасаған тағамдары мен бұйымдарын сатып, түскен қаражатты мектебіміздің «Мейірімді жүрек» қайырымдылық қорына аударды.