Зияткерлік мектепте кезекті пән апталығы – физика-информатика апталығы бастау алды. Таңғы жиында оқушылар мектеп фойесінде орналасқан мониторларда түрлі тапсырмалар орындады. Мектеп фойесінде ғарыш әлемі мен сандық технологияларды бейнелейтін безендірулер алдағы 7 күннің қызықты өтуіне ерекше көрік беріп, оқушылардың қызығушылығын оятты.
Апталықтың ашылу салтанатында жауапты Әдістемелік бірлестік ұйымдастырған шоулар мектеп ұжымы мен оқушылардың ерекше ықыласына бөленді. Физика және информатика пән мұғалімдері апталық барысында өткізілетін іс-шаралардың жоспарын таныстырды.
Онымен қоса, оқушыларға апталықтың іс-шараларынан қалыс қалмай, белсене қатысуға шақырды. Сондай-ақ, өткен апта қорытындысы бойынша клубтар мен үйірмелер жетекшілері ұйымдастырған сайыстарға белсене қатысқан оқушыларды мектеп директоры Балқан Касимов марапаттады.