lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы NIS-тің және NU түлегі Әсел Ибадулла
 
АҚШ-пен телемост орнатуда онлайн кездесу өтті
 
«English week» апталықтағы үшінші күнінің басты іс-шараларының бірі мұхиттың арғы жағындағы Америка құрлығымен тікелей эфирде байланысқа шығып, телемост орнатуда онлайн форматта кездесу өтті.
 
9-10 сынып оқушылары мен мектеп ұжымы АҚШ-тың Yale University Денсаулық саласы бойынша магистратурада оқып жатқан Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің және Назарбаев университетінің түлегі Әсел Ибадулламен онлайн басқосу болды.
 
Кездесу барысында Әсел оқушыларға мектепте өткізілетін барлық іс-шараға белсене қатысудың маңыздылығын түсіндіріп, оның мамандық таңдауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Онымен қоса, 10-сынып оқушыларынмен IELTS емтиханына тиімді дайындалу техникаларымен бөлісті.
 
Өз сөзінде Әсел Ибадулла адам өміріндегі дағдылар «SOFT SKILLS» маңыздылығын, өзінің жетістікке жеткен жолын оқушыларға түсіндіре отырып, Әсел оқушыларға жақсы оқуға, өз қабілеттерін шыңдауға, алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылуға ынталандырды.