Зияткерлік мектепте «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының таныстырылымы өтті. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының құрылу мақсаты — бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбіршілікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, ынтымақтастық рух, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру. Осы орайда мектепте 9 шаңырақ қауымдастығы құрылып, зияткерлер шаңырақ атаулары мен таңбаларын және ұрандарын таныстырды:
Оқушылар өз шаңырақтарын таныстыруда кураторларымен бірге түрлі сахналық қойылымдар қойып, шоу ұйымдастырып ерекше көңіл-күй сыйлауда шараның көркін қыздырды.
Әр шаңырақ қауымдастығы өз ұрандарын ұрандауда оқу жылы барысында мектептің үздігі болуға және Түркістан NIS-тің мақтанышы болуға сөз беріп, мектеп әнұранын орындады.
Айта кетейік оқу жылы соңында алуан түрлі жарыстар мен сайыстар (спорттық, зияткерлік, мәдени) шараларға қатысып белсенді болған ең үздік шаңырақ «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясына жолдама алады.