lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌱Химия-биология апталығының үшінші күні

 

Апталықтың үшінші күні қызықты іс-шаралар легімен толықты. Оқушылар «Агролаб» зертханасында өздері өсірген түрлі жемістер мен көкөністер және гүлдердің көшеттерін мектеп ауласына отырғызып, Зияткерлік оқу ордамыздың гүлденуіне және жандануына өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар, оқушылардың үзіліс уақытын тиімді өткізу мақсатында мектеп ауласында флешмоб ұйымдастырылды.

Зияткер оқушыларға химиялық элементтерді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолданған химия пәні мұғалімі Роза Өтемұратқызы Нұрділлаева мен кітапханашы Диана Асанханқызы бірлесіп 7 сыныптар арасында «Elements Bingo» және «Keyword Hexagon» ойындары ойнатылды.