Футзалдан өткен жарыс барысы зияткерлерге командалық рух сыйлады

Түркістандағы NIS-те футзалдан 7 және 8 сыныптар арасында тартысты жарыс өтті. Ойынның алғашқы күні 7 сыныптар арасында өтсе, екінші күні 8 сыныптар арасында өткізілді.

 

Сайыс нәтижесі бойынша үздік нәтиже көрсеткен 7С және 8К сыныптары тартысты әрі қызықты ойын көрсете білді.

 

7С сыныбы команда капитанының айтуынша ойын барысы өте тартысты өткенін айтады.

  • Команда капитаны ретінде ойыннан алған әсерім ерекше болды. Себебі, қарсылас командамен бір деңгейде ойын көрсеттік. Ендігі басты мақсат желілік спартакиадаға қатысып, жүлделі орындардан көріну, — дейді 7 С сыныбының команда капитаны Айтқали Махамедлатип.

 

Түрлі эмоциялар мен жарқын сәттерге толы болған жарыс барысынан түсірілген кадрларды назарларыңызға ұсынамыз!

 

Photo by @nis_trk_media