lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌱Физика-информатика апталығы

Физика информатика апталығының алғашқы күні дәстүрлі түрде мектеп фойесінде ашылу салтанатымен ашылып,одан әрі түрлі іс шараларға ұласты.

Алғашқы күнде физика-информатика әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған «Қызық екен» интеллектуалды ойыны өтті.Жалпы,аталмыш ойынға шаңырақ өкілдері,кураторлар және әдістемелік бірлестік өкілдері қатысты.

Тартысты ойын 2 кезеңнен тұрды.1 кезеңнен «Хантағы»,»Жібек Жолы»,»Арыстанды» және «Тайқазан» шаңырақтары сүрінбей өтіп,жеңіс үшін таласты.

Мұндай интеллектуалды ойындар оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым қатынасты нығайтып,олардың ой өрістерін дамытады. Осындай тартысты бәсекеде «Хантағы» шаңырағы жеңіске жетті.

Апталық барысы қызықты өтіп, ең айшықты шара ретінде «Hot Start» ғылыми жобалар байқауы апталықтың нүктесін қойды. Байқауда оқушылар жетекшілерімен бірге экожобалар мен ғылыми жобалар мен әлеуметтік және көркемдік сонымен қатар, бірнеше бағдамаларды меңгеруде Sketch-up, Photoshop программалары арқылы 3D анимацияға дейін өз жобаларын көрсетті.

Айта кетейік аталмыш байқау зияткерлердің өз қабілеттері мен білімдерін шыңдауда сәтті алаң болды.

Апталықтың жабылу салтанатында «WRO-2022» робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңіне қатысқан және республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларды мектеп директоры Балқан Маратұлы мен директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Нартай Советханұлы арнайы сертификаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, физика-информатика пәндерінің әдістемелік бірлестіктері «Hot Start» жобалар байқауында үздік деп танылған жобалардың авторларына ақшалай сыйлық табыстап, ынталандыру ретінде тәттілер сыйлады. Онымен қоса, апталықта өткен іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларда марапатталды.