Тьюторлар мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту мақсатында волейболдан турнир өтті
Мектебімізде орыс тілі апталығы аясында волейболдан тьюторлар мен оқушылар арасында жарыс өтті.
Әр тьютор өз қарамағындағы оқушылармен қоса есептегенде 16 команда құрылып, үздік үштікке таласты.
Аталмыш жарыс тьютор мен оқушы арасындағы байланысты арттыру нығайту мақсатында болып отыр.
Бәсекеге толы өткен волейбол турнирынан үздік үштікте үшінші орынды «SSJ» командасы, екінші орынды мектеп директорымен бірге құрылған «БалқанТау» командасы иеленсе, бірінші орынды «Калифорния» командасы иеленді.
Орыс тілі апталығы аясында өткізілген волейбол турнирында оқушылар өз тьюторларымен бірге спортпен шұғылданып қана қоймай, бос уақыттарын тиімді өткізіп топтық ойында командалық рухтың маңызды екенін сезінді.