Түркістан NIS-те педагог мамандарға арналған конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Зияткерлік білім ордамызда педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос лауазымдарына арналған конкурстық іріктеудің 1 кезеңі өтті.
Айта кетейік байқау барлық НЗМ желісінде өткізіліп отыр.
Жалпы байқауға 114 педагог қатысып, конкурс ережесі бойынша 2 кезеңнен тұратын іріктеудің 1 кезеңінде, таңдаған пәні бойынша тест тапсырып, эссе жазды. Тестілеуге 80 минут, ал эссе жазуға 50 мин уақыт берілді.
Конкурстық іріктеудің 1 кезеңін тапсырған барлық мұғалімдерге сәттілік тілейміз!