lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱«Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясының ашылу салтанаты өтті
 
Бүгін Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде патриоттық жоба «Туған елге тағзым» өлкетанулық зерттеу экспедициясының ашылу салтанаты өтті.
 
НЗМ ДББҰ бастамасымен 2012 жылы туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған аталмыш экспедиция өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде бұл шара барлық 21 мектепте дәстүрлі түрде бастау алды. Онымен қоса, рухани шаһар төрінен ашылған жаңа Зияткерлік мектеп үшін бұл жоба алғашқы рет өткізіліп отыр.
 
Зияткерлік мектептердің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі бұл білім беру сапарының ерекшелігі болып табылады. Жоба аясында экспедициялық топтар еліміздің барлық аймақтарында болып, сол жердің флора, фауна, тарихын, мәдениетін, инновациялық объектілерін, архитектуралық құрылыстарын, зерттейді. Экспедицияға әр аймақтың 7, 8, 9, 10 сыныптарынан оқу барысында, шығармашылықта, спорттық шаралардағы жетістіктері үшін таңдалған оқушылар қатысады.
 
Зияткерлік мектебімізде 2021-2022 оқу жылы бойынша өз белсенділіктері үшін үздік шаңырақ атанған «Тайқазан» шаңырағы экспедицияға қатысуда.
 
Жалпы экспедиция Түркістан өңірінің тарихи-мәдени орындары мен өндіріс орындарын, инновациялық объектілерін, архитектуралық құрылыстарын зерттеуде 5 күнге жалғасады.
 
Сонымен қатар, салтанатты жиында өңірлік БАҚ өкілдері арнайы қонақ ретінде келіп, экспедиция барысымен танысты. Басқосуда директор Балқан Маратұлы мектепте өткізіліп жүрген іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсеткен БАҚ өкілдері мен журналистерді оның ішінде:
 
— Түркістан TV телеарнасы «Жаңа толқын» бағдарламасының продюсері Ұлмира Тоқсанбаева «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ өңірлік БАҚ өкілдерінен:
— «Түркістан Медиа» ЖШС ақпараттық орталығының директоры Мәлік Жұмаханұлы мен медиа ұжымы;
— Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту бөлімінің баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек;
— «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы;
28 маусым БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі күніне орай, арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.
Шара барысы Түркістан қаласының тарихи-мәдени жерлері мен кәсіпорындарына экспедиция жасауда өз жалғасын тапты.