lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
🌱Мектеп кітапханасында оқушылармен мұғалімдер арасында READx жобасы өткізілді.
 
READx — жаңа оқу идеяларымен бөліскісі келетін тыңдаушыларға, оқушылар мен педагогтарға, өздеріне қажет нәрсені естуге, сондай-ақ оқуды жақсы көретін кітап бағалаушыларын шабыттандыруға арналған белсенді платформа.
 
Жобада 6 спикер сөз сөйлеп, өздеріне ерекше әсер еткен кітаптарымен бөлісті. Шығармадан түйген ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
 
Жоба қонағы мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Есенғараұлы Брайан Трейсидің мақсатқа байланысты кітапта аталған тәжірибелерімен бөліссе, 7-сынып оқушылары қазақ және шетел әдебиетінен оқыған кітаптарынан түйген ойларын және әсерлерін жеткізіп, оқуға кеңес берді.