🌱«Көркем жаза білесің бе?» атты каллиграфия байқауы өтті

 

Зияткерлік мектепте 19-26 қазан аралығында оқушылар арасында Республика күніне орай «Көркем жаза білесің бе?» атты каллиграфия байқауы өтті. Оқушылардың қолжазбаларын анық әрі көркем етіп жазуға машықтандыру мақсатында «Сүйікті мектебім», «Тәуелсіз елім» тақырыптарында каллиграфиялық жазуда байқау өткізілді.

 

Каллиграфия – «әдемі», «жазу» деген мағынаны білдіретін, көркем әрі анық жазу өнері. Бұл қаламмен, сиямен немесе тағы басқа жазу құралдарымен әріптерді құрастыру және орындау.

 

Каллиграфия – қолжазбаның ерекше, ресми стиліне жатады. Көркем жазу – қандай бір істе жауаптылықты, саралауды, кескіндерді ажыратуды, кеңістікте бағдарлау қабілетін арттырады.

 

Байқауға 7-10 сынып оқушыларының 40-қа жуық жұмыстары қатыстырылды. «Ең үздік каллиграфия» номинациясын жеңіп алған 6 оқушы яғни, 7А сыныбынан Бектұрсын Абдурахманов, 7L сыныбынан Асылай Сапарғали, 7В сыныбынан Асем Қасым, 8С сыныбынан Қарашаш Талғатқызы, 9А сыныбынан Жанат Абшүкір, 10К сыныбынан Дильнура Каримжанова арнайы грамотамен марапатталды.