🌳 Сәуір айыны алғашқы аптасында мектеп айналасы жасыл желекке оранып тұр. Білім ордасының әр бұрышында түрлі өсімдіктер, гүлдер ауаның тазаруына өзіндік үлесін қосуда.
🌳Тіршіліктің қайнар көзіне айналған табиғатқа құрмет көрсету, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борышы. Осы орайда оқушылардың үзіліс уақытын тиімді өткізу мақсатында зияткерлер мектеп айналасын көгалдандыру жұмыстарын атқаруда.
🌳Зияткерлік білім ошағының көгалдануына бүгінде әсем көрініске енуіне оқушылар ерекше ынтамен атсалысты.