Бүгін Зияткерлік оқу ордамызда мектебеміздің педагог мамандарына 3 сағаттық «Жобалық зерттеу жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Аталған іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы ФМБ НЗМ тарих пәнінің мұғалімі, өз саласының эксперті Шағимолдин Ержан Өмірханұлының «Мектеп оқушыларын ғылыми жобаларына дайындау технологиясы» атты онлайн шеберлік сағатымен басталды. Тәжірибелі маман республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жеңімпаздарын қалай даярлауға болатыны жайлы өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ зерттеу жұмысының маңызды этаптарын атап көрсетті.
Семинар педагогикалық ұжымға алдын-ала мектебіміздің «Зерттеу клубы» мүшелері тарапынан әзірлеген өзекті проблемаларды зерделеп, оларды ғылыми жоба ретінде қорғаумен жалғасты. Педагог мамандар берілген тақырыптар бойынша өздерінің шағын зерттеу жұмысын жасап, өз жобаларының ең өзекті, әрі ең үздік екенін қызу талқылады.
Аталған шара мектеп ұжымы үшін, әсіресе, зерттеу жұмысын жасауға жасқанатын мұғалімдер үшін өте продуктивті семинар-тренинг болды. Айта кетейік, ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарын жасауда тек зияткер оқушыларымыз ғана емес, ұстаздарда өз үлестерін қосуда!