Тараз қаласындағы футболдан желілік спартакиада да мектебіміз үздік төрттікке еніп арнайы марапаттарға ие болды. Турнир бойында ең үздік ойын көрсеткен 7 «К» сынып оқушысы Асхатұлы Амир «үздік шабуылшы» атағын иеленіп ыстық ықыласқа бөленсе, қыздар арасында турнирдің «ең үздік қорғаушысы» номинациясын 8 «К» сынып оқушысы Сабурова Севинч иеленді. Қысқа уақыт ішінде бәсекеге қабілетті, ережені толық меңгерген, моральдық принциптері қалыптасқан құрама команданы жасақтаған жаттықтырушы Алғабек Қалдықұлұлына арнайы ДББҰ Төрайымы атынан алғыс хат жіберілді.
Сондай-ақ турнир барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігіне жауап беріп, медициналық көмек көрсеткен Сымбат Қайратбекқызына ДББҰ Төрайымы атынан арнайы сертификат табыс етілді.
Сонымен қатар, бүгін спартакиададан қайтқан қатысушыларды вокзалда перронында күтіп алып, кураторлар мен мұғалімдер директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қарсы алып, құттықтады.