🌱«Дудар-ай» әнінің шығу тарихы
 
25-қазан Республика күніне орай мектебімізде «Қазақ әндері» жобасы аясында 7-сынып оқушылары арасында «Дудар-ай» әнінің шығу тарихы жайында сахналық қойылым көрсетілді.

Үлебайдың бұл әнін тек қазақ әншілері ғана емес, шетелдік танымал әншілердің де сүйіп орындайтынының куәсі болдық. Әлемге кең таралған бұл ән тыңдаған жанның жүрек қылын шертіп, өнерге деген сүйіспеншілігін оятты.

Кеш соңында «Дудар-ай» әнін қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Өмірбек Нұрлыбекұлы барлық көрермендермен бірге қосыла шырқады.