🌱Даналық Бейсенбіде қонақта саяхатшы Айгерім Төлбасы

Зияткерлік мектепте «Даналық бейсенбі» жобасының кезекті қонағымен сырлы сұхбат болды, NIS түлегі, «University of International Business» университетінің бакалавр дәрежесінің иегері, Work and Travel бағдарламасының қатысушысы, 30 мемлекет, 62 қалаға саяхат жасаған Айгерім Төлбасы келді.

Кездесуде қонағымыз оқушылармен танысып, өзі жайында, NIS-ке қалай оқуға түскені және шетелдегі өмірі туралы мектеп оқушыларымен әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар, Айгерім Төлбасы ағылшын тілін меңгеруде және IELTS халықаралық емтиханына дайындық кезіндегі тайм-менеджмент жайлы айтып, тиімді саяхаттаудағы арнайы лайфхактар туралы сөз қозғап, өз тәжірбиесімен бөлісті.

Саяхатты жоспарлау, саяхатқа шыққанда қолдануға ыңғайлы бағдарламалар, әуе билеттерін арзан бағада алу жолдары, әртүрлі қызықты оқиғалар жайында баяндап оқушыларды НЗМ мүмкіндіктері арқылы, ғылыми жобалар мен олимпиадаларға қатыса отырып әртүрлі қалаларды көріп саяхаттауға шақырды.

Бағдарламада зияткер оқушылар, Айгерімге жоғарғы оқу орнына түсуде емтиханға дайындық барысы және Гонконг университеті мен Москва Бизнес университеті грантын жеңіп алуы, шетелдегі бастан кешкен қызықты оқиғалары туралы сұрақтар қойды.

Кездесуде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Әділханұлы сөз сөйлеп, қасиетті мекен-киелі Түркістанда ашылған Зияткерлік мектептің оқушыларына шабыт беруге келген Айгерім Төлбасыға алғыс білдірді, сұхбат соңында Айгерім үздік сұрақ қойған оқушыларға Франциядан, Испаниядан, АҚШ-тан арнайы алып келген кәдесыйларын сыйға тартты. Түркістандық NIS оқушылары өз кезегінде арнайы қонаққа келгені үшін естелік ретінде сыйлық беріп, жекелей сұхбаттасуғы мүмкіндік алды.