Түркістан қаласындағы NIS-те «Бір әннің тарихы» және «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында қазақ әндерін дәріптеу мақсатында іс-шара өтті. 7-сынып оқушылары «16 қыз», «Той жыры», «Алматының алмасы», «Балқадиша», «Желтоқсан желі» және «Әлия» әндерін шырқап, көрермен көзайымына айналды.
Сайыс критерийлері бойынша әр сынып кез-келген тарихи маңызы бар қазақ әндерінің бірін таңдап, оның пайда болу тарихы жайлы ақпаратты сахналық көрініс ретінде көрермен назарына ұсынды. Сәйкесінше сайысқа қатысқан оқушылар көрініс критерий жарыс шарттарына сай бола алды. Төрешілер әділ шешім қабылдап, жеңімпаздарға арнайы марапат беріп, ерекше шабыттандырды.
Бұл мәдени шара алдағы уақытта жалғасын тауып, көрермендердің жүрегінен ерекше орын алары сөзсіз.