🌱Берік отбасы бағдарламасы VI бөлім
Бала тәрбиесіндегі ата-анаға қажетті құралдар мен дағдылар
Жобаның 6 бөлімі ата-аналар мен жасөспірімдер үшін Ішімдікке әуес болудың алдын-алу» және «Қатарластары тарапынан болатын қысым және нағыз достар» тақырыптарына арналды.
Түрлі жағдаяттар көрініс тапқан бейнероликтер мен арнайы тренингтерді орындау да ата-аналар балаларына алкоголь мен есірткіге әуес болудан сақтануды және балаларының мектептегі мұғалімдерімен дұрыс қарым-қатынас орнату тәсілдерін балаларын бақылауда ұстауды үйренді.
Ал жасөспірімдер сессиясында түрлі жағдайдар жазылған карточкалар мен 5-бөлімдегі жол белгілерін қолдана отырып, өткен аптада үйренгендерін іс жүзінде жүзе асырды. Сонымен қатар, қатысушылар қысқаша психологиялық ойындардан кейін бірлескен тренингте жасөспірімдерге құрдастары тарапынан көрсетілетін қысым кезінде қалай көмек көрсету жайында қысқаша фильм көрді.
Отбасы бөлімінде қатысушылар түрлі ойындар мен тренингтерді орындауда құрдастарының тарапынан жасалатын қысымдарға қарсы тұруды ата-анасымен бірге үйренді.
Жоба соңында барлығы бірлесе отбасы ұранын еске түсірді.