lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌱»Бақытты балалық шақ»

Бүгінгі айтулы мереке күніне орай бірнеше іс-шаралар легі өтті. Ендігі кезекте мектеп интернаты арнайы мерекелік шаралардың соңғы нүктесін қойды.
Жатақхана ұжымы жылды қорытындылау үшін «Бақытты балалық шақ» атты қоштасу кешін өткізді. Кештің мақсаты: үздік деп танылған оқушыларды мадақтау және жыл бойы өткізілген іс-шараларды қорытындылау.

Жиын мың бұралған бишілердің биімен ашылып,әрі қарай марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.
Зияткерлер «Жас домбырашы»,»Үздік гид»,»Жатақхана жанашыры»,»Тазалық символы»,»Ұқыпты ханзада»,»Ұқыпты ханшайым» т.б. номинациялармен марапатталды. Кейіннен зияткерлер жатақханадағы ұстаздары ән мен арнайы видеоролик дайындады.

Жас ақындарымыз өз тәрбиешілері үшін жүректерінен өлең шығарып, 2021-2022 жылғы оқу жылында атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Шара соңында оқушылар «Бір үйдің баласындай» әнін бірге шырқады.