1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаламыздың «Жібек Жолы» саябағында Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен мерекелік флешмоб өтті.
Мектеп оқушылары парк алаңында өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, мереке қарсаңында саябаққа жиналған жас бүлдіршіндермен бірге орталық алаңқайда флешмоб билеп, онымен қоса түрлі мультфильм кейіпкерлерін сомдаған мектеп мұғалімдері де қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шарада тек флешмоб қана емес, «Бақытты балалық шақ» сурет байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ зияткер оқушыларымыздың жасаған қолөнер бұйымдарынан «Шеберлер ауылы» атты көрме қойылып, жұртшылық назарына ұсынылды.