Түркістан қаласы xимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Қоғамға қызмет» жобасы аясында “Мейірімді жүрек” қайырымдылық қоры мен “Өзін-өзі басқару” ұйымының ұйымдастыруымен “Балаларға бақыт сыйла” акциясы өтті.
1 маусым — Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай, жас бүлдіршіндерді қаладағы 1Khanshayim Plaza» кешеніндегі “FunkyTown” балаларға арналған ойын-сауық орталығында ойнатып, көтеріңкі көңіл-күйлер мен естен кетпес естеліктерге толы болды.
Балақайлармен танысып,олармен бірге ойнауға мектебіміздің оқушылары атсалысты. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге тәттілер мен сусындар берілді. Акция Kinopark кинотеатрында өз жалғасын тауып, бүлдіршіндерге кино көрсетілімге билет үлестірілді.
Аталмыш жоба балақайларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді. Атсалысқан барша қызметкерлер мен Funky Town ұжымына мектеп президенті Садық Бексұлтаннан арнайы алғыс хаттар табыс етіліп, оқушылар атынан үлкен алғыс білдірілді.
Балалардың сыңғырлаған күлкісін естіп, бақыт сыйлаған акция өз жалғасын табатын болады.