🌱АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
🔵Түркістандағы NIS-те қаладағы жалпы орта мектептердің оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Қаладағы мектеп оқушыларына Зияткерлік оқу ордасы бойынша экскурсиялық тур өткізілді.
🔹Мектебіміздің зияткер оқушылары ашық есік күнінде гид болып 3 топқа бөлініп, келген қонақтарға зияткерлік білім ордасын таныстырды. Ең алдымен оқушылар мектептің саз өнері/керамика сыныбын аралап, сазбалшықтан жасалған бұйымдармен және соңғы үлгідегі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған мектептің спорт, фитнес залдарымен танысты.
🔵Кездесу барысында оқушылар мектептің тіл қазына кешенімен қазақ тілі сыныбы, кітапхана және жылыжайды аралап, Зияткерлік мектеп жайында біршама ақпараттар алды.
🔹Онымен қоса, оқушыларға Kahoot» ойыны ойнатылып, бәсекеге толы өткен сайыста аудан және қала оқушыларына сайысқа қатысқаны үшін арнайы сертификат берілді. Ашық есік күніне қатысқан оқушылар Зияткерлік білім ордасымен толық танысып, ерекше шабыт алды.
🔵Сонымен қатар, оқушылар мен ұстаздар экскурсиялық турды ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Шара соңында зияткерлер, экскурсиялық турға келген оқушыларды мектеп әнұранын орындап шығарып салды.