🌱Ата-аналар жиналысы

 

Бүгін Зияткерлік мектепте 7-9 сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Басқосуда мектеп директоры Балқан Маратұлы «Жан-жақты баланы қалыптастыру» тақырыбында презентация қорғап, оқушылардың бойындағы дағдыларды мен өзін-өзі дамыту стратегиясы және оқу процесіне қажетті түрлі тілдік, пайдалы білім ресурстары жайында толық мағлұмат берді. Оның ішінде телефонды тиімді пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ  қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөз қорын  көбейтіп, оқу сауатылығын арттыруда әр деңгейдегі түрлі мобильді қосымшалар мен  электронды кітаптардың сілтемелерін көрсетіп жан-жақты баланы қалыптастыруда тиімді ақпараттар мен пайдалы ресурстар ұсынды. Онымен қоса, оқушылардың бір күндік телефон қарау статистикасын көрсетуде бір күнде бала гаджеттегі мобильді қосымшаларда қанша уақытын жұмсайды есептеп берді.

 

Қазіргі таңда актуалды проблемаға айналған бұл тақырып жиналыста кеңінен талқыланды. Мектеп директоры осы мәселені шешуде тек мектеп ұжымы ғана емес, ата-аналарда бірлесе әрекет жасау керек екенін түсіндірді. Яғни телефонды тиімді пайдалануда кітап оқуға арналған түрлі қосымшалар мен сайттарды ата-аналар назарына ұсынды. Сонымен қатар, тоқсан қорытындысы бойынша ең көп кітап оқыған рейтингтегі үздік оқырмандар мен «Шаңырақ» бірлестіктерінің кітап оқу рейтингісі бойынша көрсеткіштері көрсетілді.

Ал, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Дархан Есеңғараұлы «Soft skills дағдылары және оқушы» тақырыбында мектептегі әр үйірме мен клуб жұмыстары, түрлі жобалар оқушы бойындағы түрлі дағдылардың қалыптасуына өз септігін тигізеді деп ата-аналарға пайдалы ақпарат берді.

Ата-аналар мәжіліс залындағы басқосудан кейін, пән мұғалімдерімен жеке жолығып, балаларының оқу үлгерімі және тәртібі жайлы ақпарат алды.