Бүгін Түркістандағы NIS-те 7-8 сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Бұл жолғы басқосу барысы мектеп өмірін сезіну мақсатында өзгеше форматта өткізілді. Яғни ата-аналарға қызықты «Квест» ойыны ұйымдастырылып, шаңырақ бойынша түрлі секцияларға бөлінді. Ойын шарты бойынша әр шаңырақ берілген картаның сызбасы арқылы жоғалған бөлшектерді табуда өзара сайысқа түсті.
Аталған ойын барысында ата-аналар бірлесіп, команда ретінде әрекет етуде, бірі оқушы бірі ата-ана позициясында мектеп өмірін сезінді. Сайыс соңында мектеп психологі Жанна Арынбаева ойынның негізгі мақсатын түсіндірді. Сайыс шарты бойынша екі позицияға бөліну арқылы оқушы рөлін сезінген ата-аналар қаншалықты белсенді болса, балағада соншалықты әсер ететін айқындап өтті.
Ата-аналар мәжіліс залындағы басқосудан кейін, пән мұғалімдерімен жеке жолығып, балаларының оқу үлгерімі және тәртібі жайлы ақпарат алды.