🌱Ата-аналар жиналысы: Рухани әрі тарихи мекенде орналасқан оқу ордасында білім алып жатқан әр бала ұлттық рухты бойларына сіңіріп, тәрбиеленіп жатыр

Үш күн бойы өзгеше форматта өткізілген ата-аналар жиналысы бүгін 8 сынып ата-аналары үшін мектептегі «Арлекино» театр үйірмесінің қойылымымен басталды. Оқушылардың сахналық образдары мен актерлік ойындары арқылы спектакль, ата-аналарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Мектеп директоры Балқан Касимов сахналанған қойылым барысы білім ордасындағы үйірмелер мен клубтар жұмысы жүйелі жүргізілуінің сәтті жемісі дейді. Осы тұста ата-аналар тарапынан үйірме мен клуб жұмыстарына өздерінің оң бағасын бергендер де болды:

— Баланың бойындағы жан-жақты қабілеттерін ашу мақсатында мектепте көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын оқу ордасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан қарап отырамын. Айтқым келгені рухани әрі тарихи мекенде орналасқан оқу ошағында білім алып жатқан әр бала ұлттық рухты бойларына сіңіріп, тәрбиеленіп жатыр! Оған дәлел, мектептегі үйірме, клуб жұмыстарының барлығы ұлттық құндылықтарға негізделіп жүзеге асуында, — деді 8 М сыныбының ата-анасы Айкерім Узакова мектептің тәрбие жобаларына оң бағасын беріп.

Сонымен қатар, ата-аналар мәжіліс залындағы басқосудан кейін,пән мұғалімдерімен жеке жолығып, балаларының оқу үлгерімі және тәртібі жайлы ақпарат алды.