Бүгінгі таңғы лездеме ерекше көңіл-күймен басталды. Себебі, оқу жылының алғашқы аптасында іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар мен мектеп ұжымы арнайы марапатқа ие болды.
Еске сала кетейік, өткен аптада айтулы даталар күніне орай түрлі шаралар ұйымдастырылды, соның ішінде 14-15 қыркүйек күндері атап өтілген «Ұлттық киімдерді дәріптеу» күндерінде мектеп ұжымы мен оқушылар қазақи нақыштағы киімдер киіп, түрлі әшекейлер тағуда ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, велосипед мініп жүрген оқушылар мен мектеп ұстаздары да арнайы алғыс хатпен марапатталды.