🌱АПТА БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Жыл басы Түркістандағы NIS оқушылары үшін өз қабілеттерін көрсетуде сәтті басталып жатыр. Себебі зияткерлер түрлі үйірме мен клубтарға белсене қатысуының арқасында өз жұмыстарын мектеп фойесінде орналасқан көрмеге қойып көпшілік назарына ұсынды. Айта кетейік аталған көрмеде оқушылардың ғылыми жобалары мен колөнер бұйымдары, түрлі үйірме мен клубтарда жасаған жұмыстары қойылған.

 

Өткен апта зияткерлер үшін продуктивті әрі креативке толы түрлі бағыттағы сайыстар өткізіліп,(алдыңғы посттардан оқи аласыздар) өз қабілеттерін шыңдауға айтарлықтай септігін тигізді. Себебі бүгінгі таңғы лездемеде өткен апта қорытындысы бойынша сайыстарға белсене қатысқан оқушыларды мектеп директоры Балқан Касимов мақтанышпен марапаттады.

 

Үздіктердің марапат алған сәттерінен түсірілген кадрларды назарларыңызға ұсынамыз!