🌱Апта белсенділері марапатталды

 

Өткен аптада оқушылар түрлі сайыстарға қатысып өз белсенділігімен көзге түсті. Ең үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды бүгін таңғы лездемеде мектеп директоры Балкан Касимов арнайы марапаттады.

 

Атап айтсақ, оқушылар Сан-Франсиско Университетімен «Табиғатты Қорғау» тақырыбында өз жобаларын қорғау мақсатында онлайн кездесуі өткен болатын. Оқушылар онлайн кездесуде өздері таңдаған проблеманы талқылап, презентация арқылы берілген проблеманы шешу жолдарын ұсынды.

 

Сонымен қатар зияткерлер «SAMGAU» Alumni NIS түлектер форумына қатысып, басқосудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

 

Тағы атап өтсек, оқушылар арасында «Галстук байлау» сайысы өтіп, бүгінгі таңғы лездемеде үздіктер марапатталды.