🌱АПТА БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгінгі таңғы лездеме ерекше көңіл-күймен басталды. Себебі, өткен апта қорытындысы бойынша іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар мен мектеп ұжымы арнайы марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстануда «Turkistan Marathon 2022» қалалық деңгейде өткен жүгіру жарысына мектеп атынан пән мұғалімдері мен оқушылар атап айтсақ, Дархан Шыңғыс пен Өмірбек Нышанбек, Алғабек Қалдықұлұлы, Акмаль Кахаров пен педагог-куратор Арслан Атабек, IT маман Ильяс Асилтай, 10 В сынып оқушысы Арнұр Бахытжан белсенді түрде қатысып марафоннан жүлделі оралды. Мектеп директоры жүлдемен оралған қос мұғалімге салтанатты түрде медаль тағып, жеңісті күндер көп болсын деп өз құттықтауын жеткізді.