🌱Апта белсенділері марапатталды
Түркістандағы NIS-те сәуір айының алғашқы аптасы сәтті басталды. Өйткені өткен апта зияткерлер үшін продуктивті әрі креативке толы болды. Химия пәні апталығында ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға қатысу арқылы оқушылар өз белсенділіктерін көрсетіп, сыныптар арасында сайысқа түскен болатын.
Бүгінгі таңғы лездемеде апталық қорытындысы бойынша сайыстарға белсене қатысқан оқушыларды мектеп директоры Балкан Касимов пен химия пәні әдістемелік бірлестігі марапаттады.
Онымен қоса, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында түркістандық зияткерлердің тың жобалары үздіктер қатарынан көрінді. Жүлделі орындар иеленген жас өнертапқыштар бүгінде мектеп мақтанышына айналып отыр.