lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌱Апталық барысында зияткерлер білімдерін шыңдауда түрлі сайысқа түсті

 

 

«Қазақ тілінің жаңа кеңістігі» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында түрлі білім сайыстары ұйымдастырылуда. Осы тұста «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арасындағы «Уики-Бәйге» зияткерлік сайысы өтті. Жалпы жарыс мақсаты «Қазақша Уикипедия» контентіндегі мәліметтерді қолдану арқылы оқушыларды білім бәйгесіне түсіру. Уики-Бәйгеде үш тілдегі сұрақтарды, Уикипедияның қазақ, орыс және ағылшын тілдегі бөлімдеріндегі ақпараттарды қамту арқылы оқушылардың бойында ашықтық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дамыту. Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

 

Қызу пікірталасқа толы өткен сайыста әр шаңырақтан екі оқушы қатысып, түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беруде «Атамекен» шаңырағы жеңіске жетті.

 

Сонымен қатар, 8 сынып оқушылары арасында «Бұл палата мектепте еңбек тәрбиесі ақталады деп есептейді» тақырыбы бойынша дебат өтті. Дебат барысында оқушыларда өз ойларын білдірді.