«Қазақ тілінің жаңа кеңістігі» апталығында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін апталықтың екінші күнінде «ReadX» жобасы өтті. Шараға 10 сынып оқушылары қатысып, 3 спикер өзі оқыған кітаптарынан қысқаша мазмұндама баяндап берді.
Алғашқы спикер болып қазақ тілі пәнінің мұғалімі Роза Есбалаева қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» атты шығармасындағы оқиға желісін баяндап, кітаптағы әр кейіпкерге жеке мінездеме беріп өтті.
Екінші спикер 9 А сынып оқушысы Нұргүл Жарылқап қоғам қайраткері, драматург жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» кітабының мазмұнын оқуда ерекше әсер алғанын жеткізіп қатарластарына шығарманы оқуға кеңес берді.
Үшінші спикер 7 С сынып оқушысы Айзере Оспан мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы, драматург Дулат Исабековтың театрларда сахналып жүрген және фильмі түсірілген «Гауһартас» шығармасына шолу жасап, әр кейіпкердің өмір жолын талдауда кітаптан түйген ойларын жеткізді.