AlmaU менеджмент университетінің студенттері Түркістандағы NIS-тің зияткеркерлерімен кездесіп, ашық есік күнін өткізді. Басқосуда олар Университеттің тыныс-тіршілігі жайлы, білім беру және Халықаралық оқу алмасу бағдарламалары жайлы толық ақпарат берді.
Алматы менеджмент университеті – әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілігі мол кәсіпкерлікті оқытатын оқу ордасы болып табылады. Бүгінде AlmaU-да білім беру қазақ, орыс, ағылшын 3- тілде жүргізіледі, 20 –дан астам мамандық бойынша атап айтқанда: менеджмент, қаржы, маркетинг, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, аймақтану, бағдарламалық инженерия, бизнес сарапшы және жаһандық мәліметтер және т.б мамандықтар бойынша білім беріледі.