Бүгін жазғы мектептің 3 күні зияткерлер үшін қызықты таңғы жиыннан бастау алып, 21 клуб бойынша өз сабақтарын жалғастырды.
Зияткерлер «Infinity» үйірмесінде реактивті қозғалыс пен ракета құрылысымен танысу мақсатында су мен пластикалық бөтелкені қолдана отырып қарапайым эксперимент жасап көрді. Ағылшын тілін меңгеруде өткізіліп отырған «7 day English challenge» үйірмесінде тіл үйренудегі үздік лайфхактар көрсетіліп, оқушылар тың ақпараттарға қанық болды.
Айта кетейік, оқушылар жазғы мектепте тек клуб жұмыстары бойынша сабақ өтіп қана қоймай, әлемдегі және елімізде орын алып жатқан актуалды тақырыптар аясында түрлі зерттеу жұмыстарымен де айналысуда.