🌞🌱Түркістандағы NIS-те жазғы мектеп басталды
Түркістандағы NIS-те жазғы мектеп басталды. Оқу жылын аяқтаған мектеп ұстаздары алдағы 1 апта бойы оқушыларға түрлі клубтар бойынша өз жұмыстарын жүргізетін болады.
Ашылу салтанаты мектеп ауласында әнұран орындаумен басталып, әр клуб жетекшісі алаң алдында өз үйірмелерін сахналық қойылым қою арқылы және өз девиздерімен ерекше таныстырып, айрықша әдіс қолдануда оқушылардың қызығушылығын арттыра білді.
Айта кетейік, жазғы мектеп 7-8 сыныптарға төменде көрсетілген 21 клуб бойынша өткізілуде.
«Art Design», «3D проектирование на 3Ds Max», «Зерттеу» клубы, «Infinity», «Green Zone», «Karaoke club», «SMM сlub», «Sounds club», «STEAM», «Web разработка», «TEDx», «Зият Дебат» клубы, «Бейнемонтаждау» курсы, «Создание роликов», «Wikipedia», «Робототехника», «Спортивное программирование», «Модель ООН», «Blender», «7 day English challenge», «Основы компьютерной анимации» клубтары қазіргі таңда бірінші күннен бастап қарқынды басталды. Ал 9 сыныптар бойынша Математика, ағылшын пәндерінен зерттеу бағыты бойынша арнайы сабақтар жүргізілуде.
Сонымен қатар, шарада Hot Start жобалар байқауында үздік деп танылған жобалар авторы ретінде және «Қаратау қызғалдақтары» атты аймақтық онлайн байқауында көрсеткен белсенділіктері үшін зияткер оқушыларымыз арнайы І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.