lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌞🌱Каникулярлық мектеп жұмысы басталды

Бүгін жалпы орта білім беретін мектептердің 5-сынып оқушылары үшін Каникулярлық мектеп жұмысы басталды. Естеріңізге сала кетейік, наурыз-мамыр айларында оқушылар виртуалды мектепке тіркеліп, онлайн сабақтарға қатысқан болатын.
Онлайн тестілеу нәтижесінде 18 оқушы каникулярлық мектепке жолдама алып, бүгінде Зияткерлік оқу ордамызда алдағы бір апта бойынша білім алатын болады.

Оқушыларға ең алдымен сабақ басталмастан бұрын мектеп бойынша экскурсиялық тур өткізіліп, Зияткерлік білім ошағының тыныс-тіршілігімен толық танысты.

Айта кетейік каникулярлық мектепте 5 сыныптар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, химия, биология, физика, география пәндері бойынша тәжірбиелі мұғалімдерден білім алатын болады.

Жас өскіндерге сәттілік тілейміз!