🌞🌱Жалпы орта мектеп оқушыларына арналған Жазғы мектеп жұмысы аяқталды
Бүгін 30 мамыр күні басталған Түркістан қаласының жалпы орта мектептеріне арналған жазғы мектеп жұмысы қорытындыланды.
Қала мектептерінен 7-8-9 сыныптардан жалпы саны 42 оқушы жазғы мектепке қатысып, Зияткерлік мектептің тәжірбиелі ұстаздарынан білім алды.
Айта кетейік, оқушылар математика, ағылшын тілі пәндерінен арнайы сабақтар өтіліп, онымен қоса «TEDx», «Steam», «Karaoke club», «Wikipedia» үйірмелеріне қатысты. Бір апта бойы жалғасқан жазғы мектеп барысында оқушылар тек қана берілген пәндер бойынша білім алып қана қоймай, бірнеше үйірмелерге қатысу арқылы өз білімдерін шыңдады.
Жазғы мектептің жабылу шарасында мектеп директоры Балқан Маратұлы сөз сөйлеп, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үлкен мүмкіндіктер алаңы екенін және білім беру жүйесіндегі программалар барысын түсіндіріп, сонымен қатар, жазғы мектепке қатысқан оқушыларға оқуда озат болуда сәттілік тіледі.
Оқушылар жазғы мектеп барысында алған білімдері мен НЗМ жайлы өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс орнатты.