Түркістан NIS оқушылары «Young Explorers-2022» зерттеу курсына қатысуда
Еліміздің барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-9 сынып оқушылары мен мұғалімдеріне арналған «Young Explorers-2022» зерттеу курсы Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-те басталды. Айта кетейік, зерттеу курсы 13-16 маусым аралығында өтетін болады.
Түркістан ХББ НЗМ атынан 8 «А» сынып оқушылары Ізбасхан Даниял мен Тұрарбек Мансұр және мектебіміздің биология пәні мұғалімі Тәліп Сандуғаш Бекжанқызы қатысуда.
Курс жетекшісі – «National Geographic Society» жанындағы мұғалімдердің Консультативтік кеңесінің мүшесі Алисия Прэссел.
«Young Explorers-2022» зерттеу курсының алғашқы күнінде оқушылар «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясына, «Зияткер, алға!», «Көкшетау» ойындарына және «Старт-Азарт» спорттық эстафетасына қатысып, зерттеу жүргізуде.
Сондай-ақ курс барысында қатысушылар Щучье — Бурабай курорттық аймағына, Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайға экскурсияға шығып, түрлі мәліметтер мен деректер жинайды.