Бүгін мектебімізде 26 мамырда басталған Жазғы мектептің жабылу салтанаты өтті.
Зияткерлер жазғы мектеп бойынша 21 клуб бойынша тәжірбиелі ұстаздардан тәлім алды. 7-8 сынып оқушылары «Art Design», «3D проектирование на 3Ds Max», «Зерттеу» клубы, «Infinity», «Green Zone», «Karaoke club», «SMM сlub», «Sounds club», «STEAM», «Web разработка», «TEDx», «Зият Дебат» клубы, «Бейнемонтаждау» курсы, «Создание роликов», «Wikipedia», «Робототехника», «Спортивное программирование», «Модель ООН», «Blender», «7 day English challenge», «Основы компьютерной анимации» клубтары бойынша үйірме жұмыстарына белсене қатысты.
Ал 9 сыныптар бойынша Математика, ағылшын пәндерінен зерттеу бағыты бойынша арнайы сабақтарға қатысып, өз біліктіліктерін арттыра білді.
Жарқын сәттер мен естен кетпес күндерге толы болған «Жазғы мектеп» әр күні бір күнге ұқсамай түрлі іс-шаралар легімен толықты.
Қорытынды жиында оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білген мектеп ұстаздары түрлі ойындар ойнатып, зияткерлер Жазғы мектептен алған әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Жазғы мектеп бойынша өз белсенділіктерімен көзге түскен оқушыларды директор Балқан Маратұлы арнайы сертификат табыстап марапаттады.