lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌞🌱Жазғы мектептің үшінші күні «Түркістан күнімен» басталды

Жазғы мектептің үшінші күні түркі елдерінің рухани астанасы атанған Түркістан шаһарының тарихын тануда «Түркістан күнімен» басталды.

Әр дүйсенбі дәстүрлі түрде өткізілетін таңғы жиында зияткерлер Түркістан туралы атақты ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, шара барысы «Менің Түркістаным» атты викториналық сұрақтармен жалғасын тапты.

Сайыста тарихи және географиялық сұрақтарға байланысты сұрақтар қойылып, әр шаңырақ өзара тартысқа түсті.

Аталмыш таңғы жиын зияткерлер үшін тың ақпараттарға толы болып қана қоймай, рухани шаһарға деген патриоттық рухты сыйлай білді.

@trknisstudents
#summerschool
#trknissummerschool
#nis_turkistan