lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

🌞🌱Жазғы мектептің екінші күні

Жазғы мектептің екінші күні тұлға танумен басталды. Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған жиында зияткерлер тарихи тұлғалармен танысып,олардың жетістіктері туралы білді. Білімді бекіту мақсатында шаңырақтар арасында кішірігім сайыс өтіп,шаңырақ өкілдері қазақтың бір туар тұлғалары туралы сұрақтарға жауап берді. Тартысты бәсекеде «Тайқазан» шаңырағы жеңіске жетті. Жиын соңында зияткерлер «Іңкәрім-ай» әнін бірге шырқап,таңғы көңіл-күймен сабақтарына тарады.

Сабақтардан соң оқушылар шахмат додасына қатысты.Мектебімізге арнайы Түркістан қаласындағы шахмат құрамасының жаттықтырушысы,математика ғылымдарының докторы, шахмат туралы 17 кітаптың авторы Қуанышбек Абсадықұлы,Түркістан облысы шахмат федерациясының бас төрешісі Асхат Майкотов, «Интеллектуалды ұлт» жобасының авторы Балтабек Түйетаев, журналист, «Шахмат әліппесі» клубының нұсқаушысы Әлима Пашанова қонаққа келді. Қуанышбек Абсадықұлы оқушыларымызбен бір уақытта шахмат ойнап,өзінің нағыз шахмат төресі екенін көрсетті.Тартысты ойында зияткерлер табандылық көрсетіп,жеңісті қолдан бермеді.

Қуанышбек Абсадықұлының келуі жас зияткерлердің шахмат ойынына деген қызығушылығын арттырып,ой-өрістерін кеңейтуіне себеп болды.Шара соңында Қуанышбек Абсадықұлы, Әлима Пашанова мен Асхат Майкотовқа зияткерлер алғысын жаудырып, мектеп директоры Балқан Маратұлының алғыс хатымен марапатталды.

@tayqazan_shanyragy
@trknisstudents
#summerschool
#trknissummerschool
#nisturkestan