🌏🌟👍«Hot Start» тың идеяларға толы жобалар байқауы
Түркістандағы NIS-те тың идеялар ортаға салынатын «Hot Start» ғылыми жобалар байқауы өтті. Аталмыш білім-ғылым додасы алдыңғы жылдың мамыр айында және жазғы мектеп аясында ұйымдастырылған болатын. «Hot Start» атауы айтып тұрғандай, оқушыларға тың идеялары мен ізденістерін дамытуда жаңа дем беруде.
Бұл жолы зияткерлер 5 бағыт бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынды.
🪐🌏1-бағыт: физика, техника және космос;
🧬🔬2-бағыт: биология, экология, қоршаған орта және денсаулық;
🧮📈3-бағыт: математика, экономика және қолданбалы математика;
🕌📚4-бағыт: тарих, өлкетану, құқық және тіл білімі;
💻📲5-бағыт: информатика ғылымдары;
Жалпы 5 бағыт бойынша 100-ге жуық жобалар қорғалды. Ал оқушылардың жобаларын әділ бағалау үшін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің білікті педагогтары мен профессорлары шақырылды. Әрбір маман өз саласындағы жобаларды сынап, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, келешекте қалай жалғастыруға болатынына кеңес берді. Зияткерлердің 100-ге жуық жобалары сынға түссе де, кейбір туындылар ұстаздардың таңданысын тудырды.