Биыл Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Атаулы күнге орай Зияткерлік мектебімізде таңғы жиын «Рәміздерім — мақтанышым!» атты іс-шарамен басталды.
Жазғы мектептің әр күнінде таңғы жиынды мектебіміздегі пән әдістемелік бірлестіктері айтулы мейрам күндеріне арнайылап түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.
Салтанатты жиынның ашылуында әнұран орындалып, мектеп директоры Балқан Маратұлы мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін рәміздер күнімен құттықтап, алғысөз сөйледі.
Сонымен қатар, патриоттық рух сыйлаған таңғы жиында оқушылар мемлекеттік рәміздерге байланысты арнайы танымдық бейнеролик тамашалап, рәміздерге байланысты қойылған викториналық сұрақтарға жауап берді.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған, Егеменді еліміздің рәміздер күні құтты болсын!