Жаңа оқу жылы «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтуден басталды.
Түркістан NIS-тің интернат оқушылары назарына қоғам қайраткерінің өмір жолын, басынан кешкен қиын қыстау тағдыры баяндала отырып, ұлт мұраты жолында жасаған дамылсыз әрекеті насихатталатын «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясы мектептің «Тіл қазына» кешеніндегі кинозалда ұсынылды.
Айта кетейік аталмыш телехикая «Ұлт ұстазын» ұлықтауда оның ел ертеңі үшін жасаған еңбегі оқушылар бойына патриоттық рух сыйлары сөзсіз. 6 бөлімнен тұратын телехикаяны оқушылар күнде сабақтан тыс, арнайы белгіленген уақытпен кинозалда тамашалауда.