lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
«Ұлт ұстазын» ұлықтау
 
«Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай Түркістандағы NIS-те оқушыларға қайраткердің еңбектері мен шығармаларын дәріптеу мақсатында түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мектеп кітапханасында өткен «ReadX» жобасында зияткерлер ағартушының шығармалары мысалдары мен өлеңдерінен ой түйіп, сондай-ақ өзге де жазушылардың шығармаларынан оқыған кітаптарының мазмұнын талқылады.
Онымен қоса педагог-ұйымдастырушы кураторларда әдебиет зерттеуші ғалымның еңбектерін зияткерлерге насихаттауда кураторлық сағаттар өткізіп атсалысты. «Суретпен өрнектелген поэзия» акциясында оқушылар ұлт ұстазының өлеңдері мен мысалдарындағы көріністі бейнелеп суреттер салды.