«Ұлт ұстазының ұлы мұрасы» атты аймақтық семинар-практикум:
Шеберлік сыныптар
Семинар барысы академиялық сабақтар сериясынан кейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған жобалары «TEDx NIS» және «Қазақша Уикипедия» клубтар барысы таныстырылып жобалар аясында «Ел-бүгіншіл, менікі ертең үшін», «Ахмет Байтұрсынұлы қазақша Уикипедия беттерінде» «А.Байтұрсынұлының лингвистиканы оқытудағы қағидаттары» тақырыптарында шеберлік сағаттары өтті.
TEDx NIS talks айтуға тұрарлық ойлар алаңында бірінші спикер болып, №28 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Қамбар Серік қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне байланысты өткізілген республикалық және облыстық, қалалық байқаулар жеңімпазы, республикалық «Daryn» олимпиадасының телешоуына қатысып рекордық көрсеткіш көрсетуде жоғары балл жинап бас жүлде иеленген. Алаңда ол өз жетістітерін көрсетіп, білімін шыңдау жолында үздіксіз ізденістің қажет екенін айтты.
Екінші спикер Сауран ауданының №13 жалпы орта мектеп оқушысы Қасым Ернар жалқаулықты жеңу жайлы сөз қозғап, өз дағдыларын түсіндірді.
Үшінші спикер Даулет Маханбеталиев «Жетістікке жетудегі дағдылар» тақырыбында өз ойымен бөлісті. Даулет 2021-2022 оқу жылында республикалық желілік пәндік олимпиадада география пәнінен 3 орын алып, мектеп мақтанышы атанды. Бүгінде ол жеткен жетістіктерін көрсете отырып, қатарластарының алдында үлгі болып отыр.
Оқушылар өз ойларын ортаға салғаннан соң, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дидар Мұхамедиярқызы жалпы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бұл жобаның жүргізілу барысы жөнінде толық ақпарат беріп өтті.
НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы менеджері Сәкен Дәуітбекұлы Нуржаутов «А.Байтұрсынұлының лингвистиканы оқытудағы қағидаттары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.