Кабинет 6 орындық станоктармен жабдықталған. Қыш өнері сыныбында оқушылар үйірме жұмыстарымен айналысып, түрлі саздан жасалған құмыралар мен керамикалық ыдыстар жасау өнерімен айналысады. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін патриоттарды тәрбиелеуде өз септігін тигізеді. Бұл өнерде оқушылар әртүрлі бұйымдар жасап шығарады. Үйірме оқушылардың ой-қиялын, шығармашылық қабілетін, зейін тұрақтылығын, қол икемділігін, сабырлылыққа, еңбекке төзімділігін дамытады. Тұлғаның өзін еркін сезінуіне, ішкі күйдің тепе-тендігін қалыпқа келтіруге, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту арқылы ми қызметін белсендіреді. Саздан жасалған бұйымдарды жасау процесінде әр бала шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, эмоционалды тұрғыдан терапиялық әсер алады. Қыштың емдік қасиеттері де белгілі, қышпен жұмыс жасау адамның денсаулығына оң әсерін береді. Керамика өнерінде жасалатын бұйымдар түрлері, құмыралар, панолар, рельефті бұйымдар, басқа да әртүрлі өз ойында неше түрлі бұйымдар жасауға болады. Қыш өнері үйірмесі өзге пәндермен кіріктірілен сабақтар өткізеді. Мысалы, «химия» пәнінде оның құрамын анықтауға, мүсінді арнайы муфель пеште жоғары температурада қатайту, мүсінді күйдіріп, оған бір қалыпты форма беру барысы «физика» пәнімен, «Қазақстан тарихы» арқылы археологиялық қазба жұмысында жер астынан табылған қыштан жасалған заттарды зерттеу, олардың формасы, ою-өрнектері қай ғасырда жасалғанын, ерте кезеңнен бастап адамзат баласының күнделікті тұрмыс тіршіліктерінде қыштан жасалған ыдыстарды, заттарды пайдалануда адам ағзасына зиянсыз, табиғи өнімнен құрал-жабдықтарды өз қолдарымен жасауы, сонымен бірге «Өнер» пәнінде қыштан жасалған сазсырнайды пайдалану, мүсінге, құмыраға сурет салу немесе ою-өрнекті бейнелеуі жатса, «Қазақ тілі» пәнінде ғасырлар бойы ұлттық мұралардың, құндылықтардың сақталуы, жәдігерлердің ұрпақтан ұрпаққа берілуі, қазақ мәдениетін жаңғырту арқылы кіріктіріледі.
Суимбаев Есболат Тасболатович