lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)

ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР АПТАЛЫҒЫ

Мектебімізде кезекті апталықтар легі қоғамдық-гуманитарлық тарих, география пәндерінің апталығы басталды.

Апталықтың ашылуы мектеп фойесінде орнатылған киіз үймен айрықша бастау алды. Себебі оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеуде домбыра тартып, ұлттық тағамдардан дастархан жайылды.
Ашылу салтанаты акт залда жалғасын тауып, оқушылар таңғы лездемеде ұлттық би билеп, ұлы ақын Абайдың әні «Көзімнің қарасы» әнін шырқап, ашылу салтанатында ерекше көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар, желілік олимпиададан орын алған зияткер оқушылармен қоса химия-биология апталығында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді атсалысқан және жүлделі орындар иеленген оқушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

Онымен қоса, апталықта қоғамдық гуманитария пәндерінің әдістемелік бірлестіктері ашық сабақтар мен зияткерлік сайыстар өткізді.

Апталықтың бірінші күнін қорытындылаған іс-шара «Ұлы дала тұлғалары» сайысында оқушылар мен мұғалімдер халқымыздың тарихында елеулі үлесін қосқан дара да дана тұлғалар: Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Дінмұхаммед Қонаев, Қаныш Сәтбаев, Шәмші Қалдаяқовтың өмір жолдары мен еңбектерінен тың деректер айтып, ерекше көріністер қойды.