Қарағай

Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын  тау қарағайы  деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.

Оқушы: 7″A» Алишер Шұғыла

Жетекшісі: Смаил Дулат

Pinus_densiflora_Kumgangsan
Қысқаша ақпарат

Қарағайдың түрі: Эльдарская

Егілген күні: 15.04.2022

Топырақ түрі: Жергілікті топырақ, Биогумус, Құм, Көң.

МАҚСАТЫ​

Мектебімізді көгалдандыру үшін мұғалімдер, оқушылар түрлі өсімдіктер егіп жатыр. Мен сол өсімдіктерің бір түрін зерттедім. Осы зерттеген өсімдік туралы айтып кетемін.

Ұрықты дайындау әдісі

1) Ыстық суға 5с салып аламыз.

2) 5с соң ыстық судан алып, суығанға дейін мұздай суда ұстаймыз.

3)Суыған соң 20-30 мин максимге саламыз.

4)Осыдан соң ұрықты дымқыл шүберекке орап 1 күнге қалдырамыз.

Егу әдісі

1) Топырақты ыдысқа салып, аз ғана су құямыз да, кішкене ор қазамыз.

2) Тұқымды дайндап аламыз. Осыдан кейін тұқымды егіп, топырақпен беттін жауып қоямыз

3) Тағы да с құямыз. Себебі топырағы құрғап кетуі мүмкін, бірақ көп су құйып қоймаймыз көгеріп кетуі мүмкін.